Бас жаңалықтар
Қарулы күштерде мамандарды даярлау басталды
11 Желтоқсан 2019, 01:54 586

Қарулы күштерде мамандарды даярлау басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Басқару органдарының, құрамалар мен бөлімдердің 2020 оқу жылына арналған жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Қазақстанның Қарулы күштеріндегі барлық санаттағы әскери қызметшіге мамандық бойынша даярлық жүргізіледі.

Ол жауынгерлік даярлық аптасынан кейін басталады. Негізгі мақсат –әскери қызметшілердің жеке құрамының функционалдық міндеттерін, штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы зерделеуі, атуды, штаттық байланыс құралдарымен жұмыс істеуді және алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету.

Сабақтар әрбір әскери мамандық бойынша жеке өткізіледі. Әскери қызметшілер оқу топтарының құрамында жұмыс істейді. Оқытуды халықаралық сайыс пен оқу-жаттығулардың қатысушылары мен жүлдегерлері тәжірибелі әскери мамандар, нұсқаушылар жүргізеді.

Мәселен, танк бөлімшелерінде көздеуші-операторлар сияқты мамандар бар. Олар берілген нысаналарды дәл және нақты жоя білуі және экипаж құрамында үйлесімді жұмыс істей алуы тиіс. "Шығыс" өңірлік қолбасшылығында әскери қызметшілерімен осы мамандық бойынша "Танк биатлоны" әскери халықаралық ойындарының қатысушысы және бірнеше дүркін жүлдегері, көздеуші – оператор, аға сержант Дмитрий Алькенов жұмыс істейді. 2017 жылы қазақстандық танкшылар командасы осы ірі жарыста екінші орынды алса, ал 2019 жылы үшінші орынды иеленді.  

Мамандық бойынша дайындық кезінде біз нысанашы-операторларды зеңбіректен ату және онымен қосарланған пулеметтен ату ережелеріне үйретуіміз керек. Негізінен көздеуші-оператордың іс-әрекеттері айтарлықтай физикалық жүктемелермен байланысты. Сонымен қатар, ол танк экипажының мүшелерімен тікелей және техникалық құрылғылардың көмегімен тұрақты байланыста болуы тиіс. Бұл қасиеттердің барлығы әскери қызметшінің кәсібилігін арттыру және өз мамандығы мен ұрыстағы мақсатын дұрыс түсіну үшін қажет, – деп атап өтті ол.
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Асан Жүсіпов атап өткендей, бүнгі таңда дайындықтан шамамен 700 әскери қызметші өтуде. Оларға 500 оқу тобы мен 1100-ден аса тәжірибелі нұсқаушы-сержант таңдалып алынып, оқу-материалдық база, әскери техника мен оқ дәрілер бөлінген.

Еліміздің Қарулы күштерінде тек сауатты, өз ісін жетік білетін жоғары білікті мамандар қызмет етуі тиіс. Ол мейлі снайпер, ұшқыш немесе танкшы болсын. Сондықтан, әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығының жеке түрі ретінде арнайы дайындыққа ерекше көңіл бөлінеді.



Фото: дереккөз
Загрузка...