Қарулы күштер Бас штаб бастығының орынбасары тағайындалды

12 Қараша 2019, 07:57
3237
Бөлісу:
Қарулы күштер Бас штаб бастығының орынбасары тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрінің бұйрығы бойынша Қазақстан қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары болып ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы 1-дәрежелі капитан Серік Жақсығалиұлы Борамбаев тағайындалды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Серік Жақсығалиұлы Киев жоғарғы әскери-теңіз политехникалық училищесінің,Қ Р РФ Әскери университетінің, ҚР РФ Әскери университеті жанындағы адъюнктурасының, ҚР Ұлттық қорғаныс университеті жанындағы академиялық курстардың түлегі. 

Серік Бурамбаев қызмет жолын Каспий флотының корабльдер күзеті дивизионы саяси бөлімнің комсомолдық жұмыстар жөніндегі бастығының көмекшісінен бастаған. Әртүрлі жылдар Атырау облыстық әскери комиссариатында әскери-теңіз институты бастығының орынбасары, ҚР ҚК әскери-теңіз бас қолбасшысының орынбасары қызметін атқарды.


Өзгелердің жаңалығы