«АрселорМиттал Теміртау» қызметкерлерінің жартысынан көбі коронавирусқа қарсы екпе алды

2 Тамыз 2021, 12:38
4132
Бөлісу:
«АрселорМиттал Теміртау» қызметкерлерінің жартысынан көбі коронавирусқа қарсы екпе алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «АрселорМиттал Теміртау» кеншілер ұжымдарының 48%-ы, металлургтердің 69%-ы КВИ-ге қарсы екпе алды.

Вакциналауда темір кені департаменті («Өркен» ЖШС) көшбасшы болды, бұл көрсеткіш қызметкерлердің жалпы санынан вакцина алғандардың 79%-ын құрайды.

«Өркен» ЖШС Лисаков филиалында қызметкерлердің 91%-дан астамы егілді. Қосымша бонус ретінде компания басшылығы бірінші болып вакцинацияланған барлық бөлімдердің қызметкерлерін ынталандыру туралы шешім қабылдады. 30 қыркүйекке дейін вакцинацияның толық курсынан өткендер 10 мың теңге көлемінде сыйақы алады.

Сонымен қатар, жұмысшылардың 80%-дан астамы толығымен вакцина алған бригадаларға сыйлықтар дайындалды. 45 адамға дейін болуы мүмкін жөндеу ауысымдарының бригадалары 300 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы алады, ал құрамында 16 адамға дейін болатын технологиялық ауысымдардың бригадалары – 150 мың теңге алады.

Естеріңізге сала кетейік, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы вакциналаудың басында өз кәсіпорындарының денсаулық сақтау пункттері базасында егу кабинеттерін ашқан болатын. Металлургтер мен кеншілер жұмыс орындарында алғашқылардың бірі болып екпе ала бастады.

 

Өзгелердің жаңалығы