Бас жаңалықтар
Арнайы жиын. Нұр-Сұлтанда жиналған 300 адамның 100-ге жуығын іріктеп алды
09 Сәуiр 2020, 21:39 272

Арнайы жиын. Нұр-Сұлтанда жиналған 300 адамның 100-ге жуығын іріктеп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әскери міндетті офицерлерді, сержанттар мен сарбаздарды Қарулы күштердің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін Нұр-Сұлтан қаласына арнайы жиындарға шақырды. 

Тиісті қаулыны Елорда әкімдігі қабылдады. Оған 300-ден астам ерікті ниет білдіріп, оның 100-і іріктелініп алынды.

Шақырылған әскери міндеттілер жеке тұлғалар мен жолаушылардың, автокөлік пен тауарлардың қозғалысын бақылау үшін блокбекеттерде қызмет өткеруге тартылады. Сонымен қатар, санитарлық және эпидемияға қарсы іс-шараларға, тұрғын үйлер мен қоғамдық орындарды дезинфекциялауға, сондай-ақ қалалық жедел штаб жұмысына жұмылдырылатын болады.

Бүгін шақырылған әскери міндеттілермен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-майор Мұрат Бектанов пен қала әкімі Алтай Көлгінов кездесті. Ол жастарға белсенді азаматтық ұстанымы мен патриотизмі үшін алғысын білдірді.

Әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру туралы Жоғарғы Бас Қолбасшының Жарлығы шыққан сәттен бастап бізде 3000-ға жуық жас еріктілер ниет білдірген. Сіздер қалада бұл шешімді қабылдаған біріншісіздер. Бізге әкімдікке, халыққа көмек көрсетіп, Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау қажет. Барлығымыз бірге міндеттерді орындап, бұл қауіпті жағдайды жою үшін барлығын жасайтынымызға сенімдімін, – деді Бас штаб бастығы.

Іс жүзінде барлық шақырылғандар бұрын Қарулы Күштерде қызмет етіп, оның қыр-сырларын біледі. Олар тиісті дайындықпен, оқудан өтеді, содан кейін ғана нақты міндеттерді орындауға жіберіледі.

Әскери міндеттілер шақырылған сәттен бастап әскери қызметшілер мәртебесіне ие болып, заң бойынша оларға жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктер қолданылады, сондай-ақ жалақы төленетін болады.

Ел басшылығы коронавирусқа қарсы күресте инфекцияның таралуына жол бермеу үшін барлық шараларды қабылдауда. Аумақтық әскерлер төтенше жағдай кезінде міндеттерді шешуде әкімдіктерге жеткілікті қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, елдің қорғаныс қабілетіне нұқсан келтірмей армияны тарту теңгідігін сақтауға мүмкіндік береді. Аймақ қажеттікліктеріне сүйене отырып, әкімдіктер Жарлыққа сәйкес жиын мерзімін өз бетінше анықтай отырып, әскери міндеттілердің қажетті санын шақыру құқығы берілген.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...