Астана көшелері арнайы сусабынмен жуыла бастады

9 Сәуір 2019, 12:00
2274
Бөлісу:
Астана көшелері арнайы сусабынмен жуыла бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап, Нұр-Сұлтан қаласының көшелерін тазалауда жаңа әдіс пайдалануға енгізілген. Бұл туралы қала әкімі Бақыт Сұлтанов өзінің Фэйсбуктегі парақшасында жазды.

«Бүгін Елорданың жол тазалау қызметінде жаңа әдісті қолдануды бастадық. Коммуналдық қызметтер алғаш рет қала жолдарын арнайы жуғыш құрал - сусабынмен жуа бастады. Оны қолдану асфальтті тайғаққа қарсы материалдардың қалдықтарынан, ескірген жапқыштардан, мұнай қалдықтарынан және қыс мезгілінде пайда болған май дақтарынан тазартуға ықпал етеді. Қарапайым сумен мұны тазарту мүмкін емес. Ал бізге жол белгілерін салу алдында көшелерді мұқият жуу өте маңызды», - деп жазды қала әкімі Фэйсбук парақшасында.

Коммуналдық қызметтердің аталмыш шампуньді пайдалануы жол сапасын және жүргізушілердің қауіпсіздігін жақсартуға өз септігін тигізеді. Жуғыш зат ешқандай зиянды заттектерді бөлмейді, себебі бұл шампунь қоршаған ортаға зиянсыз.

«Алдағы уақытта коммуналдық қызметтердің алдында көптеген жұмыс бар. Қажет болса көшелер күн сайын тазартылатын болады», - деп жазды Бақыт Сұлтанов.

Өзгелердің жаңалығы