Арнайы экономикалық аймақ туралы заң қабылданды

28 Наурыз 2019, 12:11
3412
Бөлісу:
Арнайы экономикалық аймақ туралы заң қабылданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың кезекті отырысында «Арнайы экономикалық және индустриялдық аймақтар туралы» Заң қабылданды.

Жиын барысында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Арнайы экономикалық және индустриялдық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы талқыланып, депутаттардың бірауыздан қолдауымен Заң қабылданды.

Жиын барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр АЭА-ның экономикалық әсеріне тоқталып өтті.

«Бұл дегеніңіз 1 трлн 600 млрд теңгенің өндірістік өнімі. Мысал ретінде елордадағы еркін индустриалдық аймақты алуға болады, онда тепловоз шығаратын General Electric өндірісі жұмыс істеуде. Зауыт вагондар шығарады, яғни машинақұрастыру кластері бойынша қызмет етуде. Сондай-ақ, осы өндірістің оқшаулануы 40%-ға жетіп, артты. Сондықтан, АЭА-ның қажеттілігі бар», - дейді Роман Скляр.

Айта кетсек, бұл Дариға Назарбаеваның Сенат спикері ретінде өткізіп отырған алғашқы жалпы отырысы.
Өзгелердің жаңалығы