Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

1 Сәуір 2019, 11:48
2382
Бөлісу:
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 2-4 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынады. Сәуір айында циклонмен байланысты синоптикалық процестер күшейе бастайды. 

Қазақстанның орталығында орналасқан циклон 2 сәуірде шығысқа қарай жылжиды, оның орнына антициклон орнайды. Бірақ антициклон да тұрақталмайды, өйткені оның орнына Жерорта теңізінің шығыс аймағынан кезекті циклон жылжып, алдағы үш тәулікте республиканың басым облыстарында ауа райын анықтайтын болады. 

Соған байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбырмен бірге найзағай жарқылдап, қатты екпінді жел, солтүстік облыстарда кей жерлерде жауын-шашын, 4 сәуірде тек шығыста күтіледі.

Ал ауа температурасы көктемге тән жылылыққа ие. Оңтүстікте плюс 15…25° және солтүстік облыстарда плюс 5…15°С болады.

Өзгелердің жаңалығы