Арменияның экс-президенті «Спутник V» екпесін алды

19 Маусым 2021, 22:20
1497
Бөлісу:
Арменияның экс-президенті «Спутник V» екпесін алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арменияның экс-президенті Роберт Кочарян коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырғанын хабарлады.

Қазір цифрлар туралы айта алмаймын (ред. - Арменияда КВИ-ге қарсы вакцина салдырғандар саны туралы), дегенмен «Спутник V» вакцинасын салдырдым, - деп мәлімдеді Кочарян Россия 24 телеарнасының эфирінде.

Айта кетейік, Армениядағы кезектен тыс сайлау 20 маусымда өтеді. Онда 21 партия және төрт блок қатысады. Сайлауға премьер міндетін атқарушы Никол Пашинян қатысады. Оның басты қарсыласы - Арменияның бұрынғы президенті Роберт Кочарян.


Өзгелердің жаңалығы