Бас жаңалықтар
Арменияда төтенше жағдай тағы бір айға ұзартылды
07 Тамыз 2020, 22:48 238

Арменияда төтенше жағдай тағы бір айға ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Армения төтенше жағдайды тағы бір айға ұзартпақ, хабарлайды "Хабар 24".

Ел коменданты Тигран Авинян осылай мәлімдеді. Республикада қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 40 мыңға таяп, соңғы бір тәулікте тағы 166 адам індетке шалдыққан. Қазір Арменияда 350 адам аса ауыр халде жатыр.
Бұл – індеттің өршу кезеңімен салыстырғанда екі есеге төмен, - деп мәлімдеді елдің Денсаулық сақтау министрі.
Соған байланысты ауруханалардағы орындар қысқартылып жатыр. Дегенмен, Арменияның үкімет басшысы елдегі эпидемиологиялық жағдайды әлі де күрделі деп санап, халықты босаңсымауға шақырып отыр. Ал, ел коменданты төтенше жағдайда енгізілген бірқатар шектеудің жақын арада алынып тасталатынын хабарлады. 
Елде соңғы уақытта байқалған оң динамика өзімен бірге жайсыз жаңалықтар да әкелді. Азаматтар көрсеткіштердің төмендеуінен эпидемияға қарсы ережелерді сақтамай, талаптарды бұза бастады. Көптеген адамдар «коронавирусты жеңдік» деп те ойлайды. Бірақ бұл мүлдем олай емес, – Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...