Арменияда шерушілер Пашинянның отставкасын талап етуде

12 Қараша 2020, 05:27
1294
Бөлісу:
Арменияда шерушілер Пашинянның отставкасын талап етуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арменияда Таулы Қарабақ жөнінде үшжақты келісімшартқа наразылық өршіп барады. Оппозициялық 17 партияның өкілдері Еревандағы Бостандық алаңында шеру ұйымдастырды. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Шеруге бірнеше мың адам келді. 27 қыркүйекте ел аумағында әскери жағдай жарияланып, бұқаралық шаралар өткізуге тыйым салынған еді. 

Армения прокуратурасы шеруге шыққандарға 1,5 мың доллар мөлшерінде айыппұл салатынын ескертті. Алайда оппозиция жақтастары бұған құлақ аспай, премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етті. Тәртіп сақшылары таңертеңнен бастап Бостандық алаңын қоршауға алды. «Гүлденген Армения» партиясының жетекшісі Гагик Царукян қамауға алынғаны белгілі болды. 

Никол биліктен кетсін. Өйткені ол бізді сатып кетті. Соңғы кезде ғана емес, елді билеген екі жарым жыл бойы опасыздық жасап жүрді. Сондықтан ол биліктен кетеді деген жалғыз үмітіміз бар, - дейді Ереван тұрғыны Тигрануи Саргсян.

Әзербайжан, Армения және Ресей басшылары Таулы Қарабақтағы жанжалды реттеу жөнінде келісімге қол қойғаны белгілі. Құжатқа сәйкес, 10 қарашада сағат түнгі он екіде атыс пен барлық әскери қимылдар тоқтатылды. Келісімшарт бойынша Әзербайжан мен Армения әскерлері өз бекіністерінде қалып, тұтқындар алмасуды бастауы тиіс. Сонымен қатар, Таулы Қарабақта Ресейдің екі мыңға жуық бітімгер әскері орналастырылады.

Өзгелердің жаңалығы