Арменияда енді банктегі заңсыз есепшоттар мемлекет пайдасына тәркіленеді

18 Шілде 2019, 11:25
1811
Бөлісу:
Арменияда енді банктегі заңсыз есепшоттар мемлекет пайдасына тәркіленеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Заңсыз табысқа сатып алынған дүние мүлік пен банктегі есеп-шоттар мемлекет пайдасына тәркіленеді, деп жазды «Хабар 24». 

Арменияда тиісті заң жобасы әзірленді. 

Әділет министрлігі мен Орталық банк дайындаған бұл құжат жақын арада парламентте талқыланады. Билік басындағы «Менің қадамым» партиясына мүше депутат Николай Багдасарянның айтуынша, аталмыш заң көптеген жабық мәселенің бетін ашып береді. 

Сонымен қатар заңсыз мүлікті тәркілеу арқылы мемлекеттік бюджет толығады. Заң жобасы халықаралық мамандардың сараптамасына жіберілген. Олар бұл құжатқа қатысты өз ескертулері мен ұсыныстарын жасауы тиіс. 

b62a89618421c9ece21059bad2e1b831_L.jpg

«Осы заңды қолданудың бірнеше мысалын келтіруге болады. Мәселен адам тергеуден жасырынып жүрсе немесе ауыр сырқатының салдарынан сотты аяқтауға мүмкіндік болмаса, осындай жағдайларда біз азаматтық сотқа мүлкін тәркілеу жөнінде шағым түсіре аламыз. Екіншіден, бұл мүлік өзге елдегі заңсыз табысқа сатып алынса, осы заңның негізінде бұл елдің өтініші бойынша қылмыстық істі жүргізбей, бірден сотқа жүгініп, осы мүлікті тәркілей аламыз», - деді Армения ұлттық жиналысының депутаты Николай Багдасарян.

Өзгелердің жаңалығы