Бас жаңалықтар
Армения ресейлік TV өнімдерін көрсетуді шектейді
06 Тамыз 2020, 10:24 248

Армения ресейлік TV өнімдерін көрсетуді шектейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта Арменияда "Ресейдің Бірінші арнасы", "РТР Планета", "Россия", "Культура" және "Мир" телеарнасы көрсетіледі.

Армения президенті Армен Саркисян "Аудиовизуалды медиа туралы" заңға қол қойды, ол шетелдік телеарналардың, соның ішінде ресейлік телеарналардың қоғамдық мультиплексте таратылуын шектейді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

"Аудиовизуалды медиа туралы" заңды Армения Ұлттық жиналысы 16 шілдеде екінші және соңғы оқылымда қабылдады. Оның ережелерінің біріне сәйкес, шетелдік аудиовизуалды бағдарламаларды мемлекетаралық келісім негізінде ғана лицензиясыз көрсетуге болады.

Лицензиялау бөлімінің басшысы Лианна Дохикян шетелдік телеарналардың қазір кем дегенде  2021 жылдың 20 қаңтарна дейін жұмыс істейтін лицензиялары бар екенін түсіндірді.
Егер бұған дейін мемлекетаралық шарттар жасалатын болса, онда олар өз қызметін осы шарттар негізінде жалғастырады, - деп түсіндірді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...