Армения президентінің көмекшісі: Қазақстан – ғажайып болашағы бар ел

16 Қыркүйек 2021, 13:18
14607
Бөлісу:
Армения президентінің көмекшісі: Қазақстан – ғажайып болашағы бар ел

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Армения президентінің көмекшісі Георгий Меликян XVII Еуразиялық медиа форумның ашылуында қатысушыларға нәтижелі жұмыс тілеп, Қазақстанды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады.

Еуразиялық медиа форум – бірегей іс-шара. Аталған форумда идеологиялық және практикалық Еуразиялық интеграция мәселелері, сондай-ақ ішкі саясат, геосаясат, әлеуметтік-экономикалық үрдістер және гибриттік қауіптер, білім беру, замануи журналистика қарастырылады. 2000 жылдардың басында жыл сайынғы форумды ұйымдастыру идеясы туған кезде бұл форум Еуразиялық интеграцияның брендіне айналады деп ойламадық. Бірақ уақыт барлығын өз орнына қойды, - деді ол.

Форум барысында Меликян қатысушыларға өте ықпалды, өзін-өзі алға жетелейтін алаң бар екенін айтты. Ол кәсіби Еуразиялық БАҚ-тардың дамуына үлес қосатын кәсіби алаң. Сондай-ақ ол жаңа идеялар мен ұстанымдардың, шешімдердің туындауына мүмкіндік береді.

Қазіргі күні әлем өте жылдам, түбегейлі түрде өзгеріп, түрленіп жатыр. Мені оны «кванттық трансформация» деп атаймын. Бұл жерде әлем тұтастай өзгермей, жеке-жеке өзгереді. Яғни жеке іс-шаралар, оқиғалар, мысалы пандемия сияқты оқиғалар бізге еніп, әлемді өзгертеді. Біздің міндетіміз – барлық сын-тегеурінге дайын болу. Сондай-ақ оған қажет зияткерлік және техникалық құралдарға ие болу. Осы проблемаларды шешу үшін жасанды интеллекті қолдану арқылы да шешуге болады, - деп атап өтті Армения елінің өкілі.

Георгий Меликян осындай форумдар жаңа сын-тегеуріндермен және проблемалармен танысып, оның шешімдерін табуға мүмкіндік беретінін айтты.

Форумды ұйымдастырушыларға рахметімді айтқым келеді. Бұл алаң көптеген жыл бойы өзектілігін жоғалтпайтынына сенемін. Себебі ол белсенді пікірталастардың орны болып қала береді. Бауырлас Қазақстан халқын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтаймын. Қазақстан – ғажайып болашағы бар ел және тарихи мұрасы өте бай мемлекет, - деп айтты Меликян.

Ол сөзін қорытындылай келе қатысушыларды медиа форумның ашылуымен құттықтап, нәтижелі жұмыс тіледі.

Өзгелердің жаңалығы