Армения премьер-министрі Жеңіс парадына бармайтын болды

20 Маусым 2020, 18:04
1037
Бөлісу:
Армения премьер-министрі Жеңіс парадына бармайтын болды

Алматы, BAQ.KZ. Армения премьер-министрі Никол Пашинян 24 маусым күні Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына бара алмайтын болды. 


Армян үкімет басшысы бүгін Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге осындай мәлімдеме жіберді. Премьер-министр жолдаған хаттың мазмұнында іссапар жасауға елдегі эпидемиологиялық жағдай мүмкіндік бермей отырғаны айтылған.

Еске сала кетейік, Арменияда коронавирус жұқтырғандар саны 19 мыңнан асты.

Өзгелердің жаңалығы