Бас жаңалықтар
Армения әскерінде қару-жарақ пен азық-түлік жетіспеушілігі байқалады
23 Қазан 2020, 16:43 1670

Армения әскерінде қару-жарақ пен азық-түлік жетіспеушілігі байқалады

Алматы, BAQ.KZ. Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақтағы майдан шебінде атыс жалғасып жатқанын мәлімдеді.

22 қазаннан 23-не ауған түні Агдерин, Физули-Гадрут-Жебраиль және Губадлин бағытындағы майдан шебінде атыс әрекеттері жалғасты. Қарсылас Әзербайжан әскерінің қорғаныс позициясын пушка, миномет және атыс қаруымен атқылады, - делінген ведомства таратқан мәліметте.

Министрліктің мәліметінде сондай-ақ, Армения қарулы күштерінің Физулинск, Жебраил және Губадлин бағытындағы позициясына Әзербайжан әскері де соққы бергені айтылған. Нәтижесінде бірнеше қорғаныс орыны қиратылып, маңызды территориялар мен биіктік азат етілген. 

Әзербайжан қорғаныс министрлігі қазір  Армения қарулы күштерінде қару-жарақ, әскери техника мен азық-түлік жетіспеушілігі байқалғанын атап өткен. Ведомства таратқан мәліметте, Армения қарулы күштерінде бақылау жоғалғаны айтылады. 

Таулы Қарабаққа Арменияның Тавуш және Сисиан ауданынан келген әскерилер соғысқа қатысудан бастартып, өз позицияларын тастап кеткені белгілі болды, - делінген хабарламада.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...