Армения әскері толық жауынгерлік әзірлікке дайын

3 Қазан 2020, 09:36
3987
Бөлісу:
Армения әскері толық жауынгерлік әзірлікке дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Армения Қарулы Күштерінің барлық бөлімшесі қорғаныс аймақтарын басып алды. 

Бөлімшелерді толықтыру жүзеге асырылып жатыр, деп жазды korrespondent.net.

Армения Қарулы Күштерінің бөлімшелері соғыс жағдайын толық жауынгерлік әзірлікке келтірді. 

Соғыс жағдайында Армения Қарулы Күштерінің барлық бөлімшесі толық жауынгерлік әзірлікке дайын. Әскери бөлімдерде жеке құрам мен техниканы қабылдау пункттері босатылды. Бөлімшелерді толықтыру жүзеге асырылуда. Армения Қарулы Күштерінің барлық бөлімшесі қорғаныс аймақтарын алды. Толықтыру Жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен Еркрап ерікті одағының көмегімен жүзеге асырылады, - делінген хабарламада.

Бұған дейін Армения мен Әзербайжан бір-бірін оқ жаудырды деп айыптаған болатын. Зымыран соққыларының салдарынан жергілікті тұрғындар жарақат алып, азаматтық инфрақұрылым зардап шекті.

Еске сала кетейік, Таулы Қарабақтың қорғаныс армиясы өткен күні 54 адамынан айырылса, танылмаған Республика Әзербайжанның мыңнан астам әскери күші жойылғанын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы