Арман Әшімов UFC турнирінде жекпе-жек өткізеді

25 Маусым 2020, 22:41
2168
Бөлісу:
Арман Әшімов UFC турнирінде жекпе-жек өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман Әшімов (11-3) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

19 тамыз күні өтетін UFC "Dana White's Contender Series" турнирінде Арман Әшімов бразилиялық Луис Родригезпен жұдырықтасады. Турнирде қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанған спортшы UFC-мен келісімшартқа отырады.

Айта кетейік, Арман Әшімов соңғы жекпе-жегін өткен жылы М-1 Challenge 104 турнирінде өткізіп, бразилиялық Флавио Сантосты жеңген болатын.

Өзгелердің жаңалығы