Арман Оспанов жаттығу жұмыстарын өткізу үшін АҚШ-қа кетті
4 Қаңтар, 17:10 292

Арман Оспанов жаттығу жұмыстарын өткізу үшін АҚШ-қа кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Арман Оспанов (11-4) дайындық өткізу үшін АҚШ-қа кетті. Бұл туралы vesti.kz жазды. 

Ресейлік журналист Игорь Лазориннің жазуынша, қазақстандық файтердің келесі кездесуі туралы ешқандай нақты жоспары жоқ.

Еске салайық, бұған дейін маусым айында Оспанов АҚШ жерінде дайындық өткізген болатын. Кейін PFL лигасында өнер көрсеткен еді. Бірақ сәтсіз болды. Ол UFC ұйымының бұрынғы спортшысы Крис Уейдпен (20-7) кездесіп, нокаутпен жеңіліп қалды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...