Арман Оспанов: UFC-дегі тұңғыш жекпе-жегімді күзде өткізгім келеді

6 Тамыз 2020, 21:40
1812
Бөлісу:
Арман Оспанов: UFC-дегі тұңғыш жекпе-жегімді күзде өткізгім келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Арман Оспанов ACA лигасының вице-президенті Асланбек Бадаевтың Youtube MMATИKA арнасына берген сұхбаты басысында айтты. 

Бадаевпен болған әңгімеде Оспанов осы жылдың көктемінде карантин кезінде уақытты қалай өткізгені туралы айтты. Сонымен қатар, қазақстандық файтер Ресейдің ACA лигасының аясында өнер көрсеткен кездегі естеліктерімен бөлісті. Осы жылдың наурыз айында ACA 105 турнирінде Оспанов компаниямен келісімшарт бойынша соңғы жекпе-жекті өткізді.

Арман Оспанов атап өткендей, қазіргі уақытта жауынгерлер командасы UFC-мен белсенді келіссөздер жүргізуде. Файтер америкалық ұйымдағы дебютін осы күзде өткізгісі келеді.

Оспанов сонымен бірге АҚШ-та қай жерде жаттығуды жоспарлап отырғанын айтты. Жауынгердің айтуынша, ол оқу-жаттығу жиынының бір бөлігін атақты Jackson Wink MMA Academy залында өткізгісі келеді. Бірнеше жыл бұрын жауынгер Альбукеркедегі жаттығу залында жаттығып жүрген болатын.

Оспановтың UFC-дегі ықтимал қарсыластары: бұрынғы жеңіл салмақтағы чемпион Энтони Петтис және Яир Родригес.

Арман Оспанов (11-3) сегіздікке соңғы рет осы жылдың наурыз айында шығып, Алматыда ресейлік Расул Мирзаевты нокаутқа жіберді.

Өзгелердің жаңалығы