Бас жаңалықтар
Күлтөбе қалашығы болашақта археологиялық парктің өзегі болады
21 Қаңтар 2020, 22:14 143

Күлтөбе қалашығы болашақта археологиялық парктің өзегі болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласында Дүниежүзілік мұра саласындағы халықаралық сарапшылар қатысуымен дөңгелек үстел өтті. 

Жиын барысында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қорғау аймағында орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау мен таныстырудың негізгі мәселелері талқыланды. Күлтөбе қалашығының жекелеген нысандарын консервациялаумен және ішінара қалпына келтірумен ғылыми-зерттеуге ерекше көңіл бөлініп, ғалымдар бұл нысандардың болашақта археологиялық парктің өзегі болатынына сенім білдірді.

Жобаның ғылыми жетекшісі Андрей Хазбулатов сарапшылар назарына бірінші далалық маусымның нәтижелерін және "Күлтөбе қалашығы" жобасы бойынша болашақ жоспарларын ұсынды. Халықаралық сарапшылар қауымдастығы Күлтөбе қалашығының археологиялық объектілерін әлеуетті ғылыми тұрғыда қайта құру үшін жобаның зерттеу тобының мүшесі, белгілі сәулетші, Өзбекстанның реставрациялау ғылыми-жобалау институтының ғылыми қызметкері Владимир Артемьев ұсынған жұмыс жобаларын талқылады.

Ғылыми қызметкердің пікірінше, Күлтөбе қалашығы тек Қазақстан үшін ғана маңызды емес. Мұнда екі мыңжылдықтағы тарих пен мәдени сабақтастықтығының болғанын көруге болады. Күлтөбе қалашығы ежелгі Яссы қаласының бір бөлігі болғандықтан, ЮНЕСКО сарапшылары консервацияға және ішінара қалпына келтіруге ұшырайтын нысандардың тұсаукесерін талқылауға ерекше назар аударды. Айтуларынша, олардың ішінде бірнеше әртүрлі кезең нысандарының эскиздері – қолөнершілердің тұрғын үйлері, жер иеленушілер, ежелгі сауда көшелері, шеберханалар, ішкі аулалар және XII-XIX ғғ.бекініс қабырғаларының элементтері бар.

Күлтөбе қалашығының ғылыми жұмыстарының нәтижелері мен археологиялық меңгерудің болашақ жоспарлары халықаралық сарапшылардың оң бағасына ие болды. Қазіргі заманғы сандық технологиялар арқылы ежелгі замандарда болашақ археологиялық парктің келушілеріне батуға мүмкіндік беретін, толықтырылған шындықты одан әрі цифрлы визуализациялау үшін әртүрлі кезеңдегі ғылыми қайта жаңартуларды жобалау бойынша жұмысты жалғастыруды ұсынды.

Алдағы уақытта бұл талқылаудың нәтижелері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра ескерткішіне әсерін бағалау туралы жалпы сараптамалық есепке енеді деп жоспарлануда.

Айта кетейік, "Күлтөбе қалашығы" ашық аспан астындағы археологиялық мұражай-паркін құру аясында бұл нысанды Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы жетекші әлемдік компаниялардың бірі – Eurasian Resources Group-тің (ERG) қаржылай қолдауымен зерттеуде. Бұдан бұрын Күлтөбе қалашығындағы ғылыми ізденістердің аралық нәтижелері Бакудегі Дүниежүзілік мұра комитетінің отырыстарында, Парижде және Түркістандағы ЮНЕСКО-ның Штаб-пәтерінде талқыланған болатын.


Фото: дереккөз
Загрузка...