Бас жаңалықтар
Аргентинада коронавирус жұқтырғандар саны 5 миллионнан асты
24 Қыркүйек 2021, 14:50 163

Аргентинада коронавирус жұқтырғандар саны 5 миллионнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аргентина мемлекетінде өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1733-ке жетті. Осылайша, ел бойынша індетке шалдыққандар 5 246 998-ді құрап отыр. Бұл туралы Аргентинаның Денсаулық сақтау министрлігі Twitter-дегі парақшасында жазды деп хабарлайды russian.rt.com.

Сондай-ақ Аргентинада коронавирус инфекциясын жұқтырған пациенттер арасында орын алған өлім-жітім жағдайы соңғы тәулікте 88-ге артып, 114772-ге жеткені белгілі.

Айта кететін жайт, Аргентинаның кәмелет жасқан толған тұрғындарының 50%-ы вирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін де алып үлгерген. Денсаулық сақтау министрлігі таратқан деректерге сәйкес, Аргентинада вакцинаның бірінші дозасын 28,36 млн адамды құраған. Ал екі компонентті де салғындар тұрғындар саны 16,4 млн-ға тең.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...