Аргентина Sputnik V шығаратын жаңа зауыт салуға ниетті

23 Қыркүйек 2021, 05:26
2205
Бөлісу:
Аргентина Sputnik V шығаратын жаңа зауыт салуға ниетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейден Венесуэлаға ірі гуманитарлық жүк тасымалданды, деп жазды ren.tv.

Латын Америкасы еліне Sputnik V екінші компонентінің 200 мың дозасы жеткізілді. Каракасқа қонған ұшақтан препарат басқа қалаларға вакцинация үшін таратылады. Сонымен қатар, жақында Ресей тағы бірнеше партия вакцина жіберетінін айтқан.

Сондай-ақ Аргентинада қазір ресейлік вакцинаның өндірісі артып келеді. Sputnik V өндіру құқығын алған компания жаңа зауыттың құрылысын бастауды жариялады. Ол жылына 500 миллион дозаға дейін өндіре алады деп күтілуде.


Өзгелердің жаңалығы