Аргентина президенті «Спутник V» вакцинасын салдырды

22 Қаңтар 2021, 13:07
1690
Бөлісу:
Аргентина президенті «Спутник V» вакцинасын салдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрігерлер Covid-19 инфекциясына қарсы ресейлік «Спутник V» дайын екі вакцинасының біреуін Аргентина президенті Альберто Фернандес салдырды. Бұл туралы Interfax.ru хабарлады.

Президенттің вакцина алған сәттегі суреттерін Аргентина газеттері жариялады. Жергілікті БАҚ бір күн бұрын елде 60 жастан асқан тұрғындарды осы препаратпен вакцинациялауды мақұлдады деп жазған еді.

Президент вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы мәлімдеме жасады және оның міндеті - аргентиналықтарды вакцинамен тезірек қамтамасыз ету, - деп жазады La Nacion.

Сондай-ақ, Фернандес елде тек «Спутник V» ғана емес, басқа да Covid-19 вакциналарын қолдануға мүдделі екенін айтты.

Желтоқсан айында Аргентинаға «Спутник V» вакцинасының 300 мың дозасы жеткізілді. 16 қаңтарда елге 300 мың дозадан тұратын вакцинаның екінші партиясы келді. Жалпы саны 10 млн дозаны жеткізу мүмкіндігі қарастырылған.

Өзгелердің жаңалығы