Ардагерлерге құрмет көрсетілді
8 Мамыр, 11:01 636

Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңістің 77 жылдығын мерекелеу аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы ардагерлер ұлықталды. Бұл туралы полиция департаменті хабарлады.

Полиция Департаменті Патрулдік полициясы Мамандандырылған батальонының командирінің орынбасары полиция подполковнигі Тұяқбай Тимур Зорғалиұлы және инспектор - психологы полиция лейтенанты Шалқарбек Айғаным Саяхатқызы – Ұлы Отан соғысының елордалық ардагерлері Калинин Михаил Васильевич және Тютюн Иван Федоровичтың үйлеріне барып, Нұр - Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы генерал-майор Төлебаев Марат Сағынтайұлының құттықтау тілегі мен сый-құрметін жеткізді. 

Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне гүл шоқтары және сый-сияпат табысыталып, ұзақ ғұмыр және мықты денсаулық тілеп, алғыс айтылды.


Фото: дереккөз
Загрузка...