Ардагер полицейлерге құрмет көрсетілді

21 Маусым 2019, 10:25
1928
Бөлісу:
Ардагер полицейлерге құрмет көрсетілді
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Халықтың тыныштығын күзетіп, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәртіп сақшыларының кәсіби мерекесі қарсаңында Атырау облысы полиция департаментінің желілік полиция қызметкерлері марапатталды. 

Осы салада мінсіз қызмет атқарған ардагерлер мен жеке құрамда еңбек етіп жүрген қызметкерлерге Атырау облысы және қала әкімінің алғыс хаттарын табыс етті. 

«Қазақстан полициясы күні қарсаңында Атырау желілік полицияда қызмет атқарған ардагерлерімізге салтанатты шара ұйымдастырып, құрмет көрсетіп жатырмыз. Бұл жастарымыз үшін үлгі болады деп ойлаймыз. Сонымен қатар жеке құрам қызметкерлеріне де марапаттар ұсынылады. Кәсіби мерекеміз құтты болсын»,- дейді Атырау желілік полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Жанболат Есенбаев. 

Ел тыныштығы үшін күні-түні дамыл таппай қызмет еткен 20-ға жуық ардагер мен жеке құрамның 10-нан астам мамандары марапатқа ие болды. 

Ардагер полицейлерге құрмет көрсетілді

Солардың бірі – желілік ішкі істер бөлімінде 30 жылдай еңбек еткен ардагер Есет Өтесбаев өзінен кейінгі буынға сәттілік тілеп, қызметтеріне адал болуға шақырды. 

«Мен ішкі істер бөлімінде 30 жылдай қызмет жасадым. Қатардағы милиционерден бастап, желілік бөлім басшысына дейін көтерілдім. Бүгінде зейнеткерлікке қалып, жылдар бойғы еңбегіміздің жемісін жеп жатырмыз. Мынау қиын да, ауыр қызмет ішкі істер саласындағы жұмыс жасайтын жастарға батыл, берік, адал болуларын тілеймін. Жас мамандарды қазір қоғамда етек алған жемқорлықтан аулақ болуға шақырамын.Ел қорғаны болуы шарт.Барша әріптестерімді, ішкі істер саласы мамандарын, жас полицейлерді кәсіби меркелерімен шын жүректен құттықтаймын»,- дейді ішкі істер саласының ардагері Есет Өтесбаев. 

Сонымен қатар, желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері полиция ардагерлеріне шапан жауып, құрмет көрсетілді. Салтанатты жиын соңы өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Өзгелердің жаңалығы