Әрбір офицер генерал болуды армандайды – Олжанов

7 Мамыр 2021, 10:00
3976
Бөлісу:
Әрбір офицер генерал болуды армандайды – Олжанов
EX PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Елге қызмет етіп жүрген азаматтар баршылық. Мерекеге орай Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің радиациялық-химиялық қызмет бастығы, майор Берік Олжановпен әңгіме өрбіткен едік.

Олжанов Берік 1982 жылдың мамырында Ақмола облысы Щучье ауданы Абылайхан ауылында дүниеге келген.

Әрбір офицер генерал болуды армандайды – Олжанов

Көпбалалы отбасында дүниеге келдім. 9 ағайындымыз. Мен үйдің сүт кенжесімін. 6 ағам мен 3 апам бар. Әке-шешем бізді бауырмал, біреудің ала жібін аттамайтын, өз ісіне адал азамат етіп тәрбиеледі. Орта білімді де Абылай орта мектебінде тәмамдадым, - дейді Олжанов.
Оның айтуынша, 1999 жылы мектеп бітірген соң әскер қатарына қабылданып, осы салада қызмет етуге қалып қойған.

Әрбір офицер генерал болуды армандайды – Олжанов

2000 жылдан бері әскер қатарындамын. Жоғары білімді Көкшетауда заңгер мамандығы бойынша тәмамдадым. Себебі өзім әскери саланы таңдаған соң, заңгерлік қажет болған соң сырттай оқып алдым, - дейді ол.

Берік Олжанов еңбек жолын Нұр-Сұлтан қаласындағы 5570 әскери бөлімінен бастаған.

Әрбір офицер генерал болуды армандайды – Олжанов

2002 жылдан 2007 жылға дейін әскери қызметімді 5570 бөлімінде атқардым. Кішкентай кезімде «офицер боламын» деген арманым бар еді. Соған біртіндеп жақындай бастадым. 2007 жылы Көкшетаудағы 5510 әскери бөліміне ауыстым. Сол жерден Петропавл қаласына екі айлық жоғары әскери оқуға барып, «лейтенант» шенін алдым. 2020 жылға дейін сол жерде әскери қызмет еттім, - деді ол.

Берік Олжанов қазір 5573 әскери бөлімінде радиациялық химиялық қызмет бастығының міндетін орындайды.

Қазіргі жағдайда, яғни пандемия кезінде арнайы өңдеу жұмыстарын жүзеге асырамыз. Сондай-ақ бізде техника бірліктері бар. Ол техникаларды қадағалаймыз, олардың жұмысы үшін жауап береміз, - деді Олжанов.

Ол атағандай, 5573 әскери бөлімі бірлескен оқу-жаттығу кезінде қандай міндеттерді орындағанын айтты.

Әрбір офицер генерал болуды армандайды – Олжанов

Олар көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында көшедегі арықтарды тазалады. Су тасқыны қауіпі бар аймақтардың суағарларын тазалап, жаттығуларға бір адамдай атсалысты. Оның қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары атынан алғыс хат та алдық, - деді ол.

Әрбір офицер генерал болуды армандайды – Олжанов

Сондай-ақ Берік Олжанов қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен қызметі үшін төсбелгі алған.

Әрбір офицер генерал болуды армандайды – Олжанов

Берік Сәкенұлы жұмыспен қатар отбасыны да ұмытпау керегін айтады. Қазір ол жарымен 1 ұл, 1 қызды тәрбиелеп отыр.

Адам кез келген жұмысты адал атқаруы керек деп ойлаймын. Елге қызмет ету де солай. Өз жұмысыңды адал атқарып, ешкімге зияныңды тигізбей арман-мақсатқа жету керек. Халыққа қалаулы, елге елеулі азамат, қызметкер болу керек деп есептеймін. Біздің соңымыздан еріп келе жатқан ұрпаққа жақсы үлгі бола алуымыз керек. Себебі жастар алдыңғы буынға қарап ой түзейді, қалыптасады, - деді Берік Олжанов.
Ол өзінің қызметтегі ұстанымы туралы да айтып берді.
Менің жұмыстағы да басты ұстанымым – жеке құрамның алдында жүріп, жолбасшы болу. Өзімнің білгенімді оларға үйретіп, қалыптасуына әсер етуді басшылыққа аламын. Себебі жұмыста да сенен кейінгі қызметкерлерге үлгі болуың керек. Олар сенің жүрген жолыңа қарайды,- деді Берік Сәкенұлы.

Берік Олжанов Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, әріптестеріне жылы лебізін білдірді.

Бүкіл жеке құрам мен әскери шенділерді мерекемен құттықтаймын. Алға қойған барлық мақсат орындала берсін. Қажымас қайрат, қайсарлық тілеймін. Әрбір офицер өз арманына жетсін. Олардың барлығы генерал болуды армандайды, - деп түйіндеді ол.

Өзгелердің жаңалығы