Арандатушы топтардың әрекеті жалғаса берсе соңы ұлттық проблемаға айналуы мүмкін – сарапшы
5 Қаңтар, 16:39 4463

Арандатушы топтардың әрекеті жалғаса берсе соңы ұлттық проблемаға айналуы мүмкін – сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өңірдегі тұрғындардың әуелдегі талабы газдың негізсіз қымбаттауы болған. Бұл талап орындалды.

Бұл пікірді Газ мәселесіне байланысты үлестіру жөнінде құрылған қоғамдық штабтың мүшесі Уайс Ерсайынұлы айтты.

Әуелде халық талабы сұйытылған газдың литрін 50 теңгеге дейін түсірсін деді. Бір ғана талап болды. Бұл мәселеге біздер қоғамдық штаб құрып, Парламент депутаттарымен қоса жеті адам елге штаб үндеуін жарияладық. Алаңға барып, жиналған қауымның талабын тыңдап, тұрғындардың тілектерін билікке жеткіземіз дедік. Халық комиссияны алаңға алып келіңдер деді. Біз алып келеміз, келгенде оң шешіммен келеміз дедік. Ақыры келіссөз жүргіздік. 3 сағатқа созылды. Өңір халқының барлық талабы айтылды. Кейіннен шеруге шыққандар арасынан сан түрлі талаптар қосыла бастады. Атап айтсам, көп әйел алушылық, хиджаб мәселесі, ұлт мәселелері айтылып ойлар сантарапқа кетті, - деді Ерсайынұлы.

Сондай-ақ Уайс Ерсайынұлының сөзінше, мұндай сәтте жиналған халықты пайдаланып қалуға тырысқан күш көбейген.

Штаб мүшесінің мәлімінше, егер ондай арандатушылық теріс пиғылдар жалғаса беретін болса, бұл хаосқа алып келеді.

Олар халықты өздерінің ұранды сөздерімен соңынан ертіп өздерінің арандату істерін іске асыруға тырысып бақты. Оның ішінде азаматтық позициясын танып үлгермеген жастарымыз радикалды топтарға, идеяларға еріп кету қаупі жатыр. Олардың қызбалықпен әртүрлі оқыс әрекетке барып қойғанын қаламаймыз. Егер бұлай жалғасса бұл әлеуметтік мәселе емес, ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналады. Тәуелсіздігімізге қатер төнуі де мүмкін, себебі біздің тәуелсіздігіміз әрбір жанның көзінің қарашығындай сақтаған дүние. Сондықтан мұның салдары бүкіл халыққа тие ме деп қауіптенеміз. Халық қиналып, зардапқа ұшырағанын қаламаймыз. Сабырға келіп, ақылмен шешуге ырысу қажет, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...