Бас жаңалықтар
Арал тұзы шетел нарығын жаулауда
20 Маусым 2019, 13:25 334

Арал тұзы шетел нарығын жаулауда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ . Елімізде тұз өндірісімен айналысатын «Аралтұз» АҚ-ы 2019 жылдың бірінші тоқсанында Ресей нарығына шығаратын үлесін 18% арттырған. Бұл туралы Капитал басылымы жазды.

Қазіргі таңда «Аралтұз» АҚ-ы өндіретін өнімнің 75% Ресей Федерациясын, Қырғызстанға, Әзірбайжан мен Украинаға экспортталады.

«Біздің компания – еліміз бойынша осындай экспорт көрсеткішіне қол жеткізіп отырған санаулы мекеменің бірі. Оның үстіне, акциясының 100% қазақстандық кәсіпкерлерге тиесілі екенін айта кеткен жөн. Дәл қазіргі кезде компанияның алдына қойған міндетінің бірі өнімді Қытай мен ЕО елдеріне экспорттау болып табылады. «Аралтұз» командасы нарық сұранысын зерттеу бойынша көп жұмыстар атқарды, яғни әлеуетті дистрибьютерлерді іздеу және келісімшарттар жасалды. Кейбір елдердің реттеу бойынша шектеулерге баруына қарамастан Ұлттық экономика министрлігі арқылы бұл мәселені шешуге тырысып жатырмыз. Біз отандық тұзды экспорттау аймағының кеңейуіне қуана қараймыз. Жаңадан құрылған Сауда және интеграция министрлігінің белсенді жұмысының арқасында өзге елдер біздің тұзды тұтынатын болады деген ойдамыз», - дейді компанияның президенті Айдынбек Тауасаров.

«Аралтұз» АҚ еліміздегі және ТМД аумағы бойынша  тұз өндіретін ірі кәсіпорын болып табылады. Мекеме 2014 жылы  59 206 тонна тұз экспорттаса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 223 606 тоннаға жеткен. Ал, 2018 жылы Аралатұзына деген сұраныс 260 000 тоннаға дейін өскен.



Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық