Қарағандылық жас суретшілер көрмеде 500 астам туындыларын назарға ұсынды

18 Қаңтар 2019, 22:21
3663
Бөлісу:
Қарағандылық жас суретшілер көрмеде 500 астам туындыларын назарға ұсынды

Астана, BAQ.KZ. №1 Өнер мектебінің Бейнелеу өнері бөлімінің оқушылары өз жұмыстарын Қарағандының 85 жылдығына арналған «Әлемнің әсемдігін жүрекпен сезінгенде...» көрмесінде көпшілік назарына ұсынды. Экспозицияны облыстық бейнелеу өнері мұражайынан тамашалауға болады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

«Барлық жұмыстар түрлі жанрларда салынған, үлкен қиялмен және түрлі техникада. Көрме біздің сүйікті қаламыздың мерейтойына арналғандығымен қызықты. Авторлар осылайша барлық қарағандылықтарға сыйлық жасады», - дейді Бейнелеу өнері мұражайы директорының орынбасары Александр Гехт.

Экспозиция 500-ден астам композициялардан, этюдтар, көркем суреттер, графика, мүсіншелерден құралған. Вернисажға қатысушылар – 4-тен 17 жасқа дейінгі аралықта. Олар көрермендерге әлемнің әсемділігін өз көзқарастары арқылы көрсетті. Тақырып туған өлкеге, мәдениетке, дәстүрлерімізге деген махаббаты көрсетеді. Тәжірибелік техникалар сурет салудың академиялық әдістерімен бірге ұсынылған.

«Біздің балалар өте шығармашыл. Олардың кейбірі астарлы ойы бар өте терең тақырыптарды таңдайды. Жыл сайын біз осындай көрмелер өткіземіз, жінеде бұл балалардың, педагогтардың және ата-аналардың бірлескен тамаша жұмыстарының нәтижесі», - дейді Қарағанды қаласының №1 Өнер мектебінің директоры Анастасия Бермичева.

Жас суретшілердің жұмыстарына қарап көрермендер қазіргі заманғы көзқарас, кеңістіктік және абстрактілі ой-өріс, көркемөнер тәрбиесі туралы ой өрбіте алады.

«Әлемнің әсемдігін жүрекпен сезінгенде...» көрмесі 27 қаңтарға дейін облыстық бейнелеу мұражайында өтеді. Мекенжайы: Бұқар жырау даңғылы, 76.

 

Өзгелердің жаңалығы