Қарағандылықтар бүйрек паталогиясын онколог дәрігерлерге тегін тексерте алады

26 Маусым 2019, 20:12
1510
Бөлісу:
Қарағандылықтар бүйрек паталогиясын онколог дәрігерлерге тегін тексерте алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 маусымда сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін облыстық онкологиялық диспансерде ісік алды ауруларын және бүйрек обырының ерте түрлерін анықтау бойынша Ашық есік күні өтеді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Егер сізде келесідей белгілер болса:

- бүйрек ауруы

- несептегі қан қоспасы

- этиологиясы белгісіз анемия

- сіз 40 жастан ассаңыз онколог-урологқа жүгінуіңіз керек.

Ашық есік күніне келген адамдар онкоурологтың тегін кеңесін, сондай-ақ бүйрек УДЗ өту мүмкіндігіне ие болады.

Ашық есік күні бойынша қосымша ақпаратты 8(7212) 438820 телефоны арқылы біле аласыз, немесе Кривогуза көшесі, 189 мекенжайы бойынша келу керек.

Өзгелердің жаңалығы