Бас жаңалықтар
Қарағандылықтарға мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері туралы айтылды
27 Маусым 2019, 16:47 276

Қарағандылықтарға мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері туралы айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері мен Қарағанды облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының жұмысы туралы айтылды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«Биыл 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері енгізілді. Қабылданған түзетулер оларды қолданысқа енгізудің үш режимін көздейді. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы, сондай-ақ алдын ала біліктілік іріктеуіне байланысты сатып алу түріндегі жаңа біліктілік талаптарына қатысты түзетулер 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі. Қаржылық тұрақтылық төленген салықтар, айналым және негізгі құралдардың болуы, еңбекақы төлеу қоры сияқты параметрлер бойынша анықталатын болады», - деп хабарлады Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Мұрат Кәдеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, спикер өңірде мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтарды қысқарту үшін үнемі семинарлар өткізіліп жатқанын атап өтті. Қатысушыларға ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының баптары мен тармақтары түсіндіріледі. Бұл семинарларды Мемлекеттік сатып алу басқармасы Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен бірлесіп ұйымдастырады. Қатысушылар қатарында - бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің қызметкерлері, сондай-ақ бизнес-қоғамдастық өкілдері бар.

2018 жылмен салыстырғанда Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті жүргізетін камералдық бақылау бойынша бұзушылықтар саны 2 есеге қысқарды.

«Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін жетілдіру үшін біз Қаржы Министрлігіне ұсыныстар жібердік. Олар қолдау тауып, мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңға енгізілді. Бүгінгі күні Басқарма 38 миллион 348 мың теңгеге 52 байқау жариялады. Өткен жылмен салыстырғанда байқаулар саны 3 есеге артты. Қорытындылай келе, жалпы қабылданған өзгерістер өткізілетін мемлекеттік сатып алудың тиімділігі мен ашықтығын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өткім келеді», - деді Мұрат Кадеков.


Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық