Қарағандылық кәсіпкерлер блок-бекеттерге ыстық ас жеткізді

8 Сәуір 2020, 07:15
1327
Бөлісу:
Қарағандылық кәсіпкерлер блок-бекеттерге ыстық ас жеткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантинге байланысты қиын кезеңде қарағандылықтар да бас біріктірді. Кәсіпкерлер өз денсаулықтарын қауіпке тігіп, қызмет атқарып жүрген полицейлер мен медицина мамандарын қолдауға бел буды. Блок-бекеттерге ыстық түскі ас жеткізген. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми интернет сайтында жарияланған.

Игі іске Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Бекқожаның қолдауымен "Мансұр" ТҚКО және "Аспап" ЖК акциясының бастамашы болды. Осындай шараны басқа қарағандылықтар да жүзеге асырды.

Түскі аспен қамтамасыз ету барысындағы жеткізу кезінде санитарлық талаптар сақталған.


Мен өзім полицияда 10 жылдан астам қызмет еттім. Қазіргі таңда бұрыңғы әріптестерім қандай жуапкершілікті мойындарына алғанын жақсы түсінемін. Осы қиын сәтте оларға моральдық қолдау көрсетіп, қайсарлығы үшін алғыс білдіргіміз келеді. Коронавирус пен ТЖ режимі мен карантин жақын арада аяқталады деп үміттенемін. Тәулік бойы жұмыс істеуге мәжбүр болған жерлестеріміз шаңырақтарына, өз отбасына қайта орала алады, - дейді кәсіпкер Қуандық Ғабдуалиев.


Сонымен қатар қиын күндердегі бұл игі істер мадақ пен бедел үшін жасалып отырған жоқтығын атап өткен облыстың бас имамы.


Бір-бірімізге моральдық және материалдық көмек көрсетейік. Қиындықтарды бірге өткері анағұрлым оңай болады. Өздеріңізді сақтаңыздар, карантин талаптарын орындаңыздар! – деп Өмірзақ Бекқожа жерлестеріне үндеу айтты.


Өзгелердің жаңалығы