Қарағандылық балалар үйінің тәрбиеленушілері эко ауылмен танысты

14 Қыркүйек 2019, 09:42
2187
Бөлісу:
Қарағандылық балалар үйінің тәрбиеленушілері эко ауылмен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды қаласының «Таңшолпан» және «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілері Қазақстанда құрылған алғашқы «жасыл» ауылда болып қайтты. Олар Ақмола облысындағы Арнасай кентінде орналасқан Жасыл технологиялар орталығына барды, деп хабарлады karaganda-region.gov.kz.

Экологиялық танымдық турда балалар ғаламшардың ресурстарын сақтау саласындағы жасыл технологиялар мен қызықты трендтер туралы білді. Елордаға жақын орналасқан «жасыл» ауылда қызықты жобалар шоғырланған. Мұнда фитодиодты жылыжай, күн биовегетарий, жабық сумен қамтамасыз ету қондырғысы бар балықтарды өсіру кешені бар. Орталық 35 инновациялық жасыл технологиямен жабдықталған. Бұл – пиролизді жылыту, жарықдиодты және фитодиодты жарықтандыру, күн құдығы, ауа ионизаторы және тағы басқалар.

"Ақмола облысы Аршалы ауданы Арнасай ауылында 2015 жылдан бастап «Арнасай – Қазақстанның «жасыл» ауылы» атты жобасы жүзеге асырылуда. Біз бұл орынды экологиялық турымыз ренітнде таңдап, оған балаларды бекерден шақырған жоқпыз. Жас ұрпақтың балалық шағынан экологиялық мәдениет қалыптасқанын және олар табиғи ресурстарды сақтауға бағытталған осы жаңа технологиялар туралы білгенін қалаймыз. Олардың арасында болашақ ғылыми қызметкерлер немесе экологтар болуы мүмкін", - деді «Казмарганец» кен басқармасының экология жөніндегі сарапшысы Арсен Жүкеев.

Балалар өздерінің идеяларын балалар үйінде іске асырғысы келді.

"Өте пайдалы экскурсия, көптеген қызықты заттарды көрдім. Жертөлені де жылыжайға айналдыруға болады деп ойлаған жоқпын, ол жерде балықтарды өсіруге де болады! Енді өсімдіктер өсіріп, оларға күтім жасап көргім келеді", - деді 10 жасар Руслан Сералинов.

Эко аулмен танысқаннан кейін балалар креативті тимбилдингке қатысты. Қайтар жолда оларды Нұр-Сұлтан көшелерімен жүргізіп, Елордамыздың көрікті жерлерін көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы