Қарағандылық Abadan FC әскери клубы #BizBirgemiz акциясына қосылды

8 Сәуір 2020, 01:37
1236
Бөлісу:
Қарағандылық Abadan FC әскери клубы #BizBirgemiz акциясына қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Abadan әскери клубы Biz Birgemiz республикалық акциясы аясында 8 тонна картоп таратты. Спортшылар қарағандылық 600 отбасына картоп жеткізген.

Баршамыздың басымызға күн туған уақыт. Бұл вирусқа қарсы күресте біз бір-бірімізге көмектесуіміз керек, - дейді Abadan FC президенті Нұрлан Қалтаев. - BigTayGroup компаниясының қолдауымен, "Нұр Отан" партиясы мен Қарағанды облысының жауынгерлік өнер қауымдастығының қолдауымен біздің күрес клубымыз адамдарға азық-түлікпен көмек көрсетуге шешім қабылдады. Біз 8 тонна картоп сатып алдық.

 

Көмек кімге анағұрлым қажет екенін білу үшін спортшылар "Нұр Отан" партиясына жүгінген. Оларға азық-түлік алу үшін үйінен шығуға мүмкіндігі жоқ адамдарға, кіреберістері карантинге жабылған тұрғындарға көмек көрсетуді ұсынды. Қалған картоп аз қамтылған адамдарға таратылды.

 

Егер біз бір-бірімізге қолдау көрсетсек, көршілерімізге күлімсіреп сәлемдессек, мүмкіндігінше материалдық жағынан, азық-түлікпен көмектессек, бізге ешқандай қайғы-қасірет қорқыныш болмас еді, вирус бізді жеңе алмайды, - деп есептейді Нұрлан Қалтаев.
Өзгелердің жаңалығы