Бас жаңалықтар
Қарағандыдан Мәскеуге ұшатын жаңа тікелей әуе рейсі іске қосылды
05 Маусым 2019, 19:35 741

Қарағандыдан Мәскеуге ұшатын жаңа тікелей әуе рейсі іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыдан Мәскеуге тікелей рейсті «ИрАэро» компаниясы жүзеге асырады. Рейстер тұрақты болады, аталмыш әуе қатынасына билеттер сатылымға шығарылды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

1–18 маусым аралығында бейсенбі және сенбі күндері «ИрАэро» компаниясының ұшақтары Қарағандыдан Мәскеуге, Жуковский әуежайына ұшады. 18 маусымнан бастап сейсенбі, бейсенбі және сенбі аралығында ұшып отырады. Қарағандыдан жергілікті уақыт бойынша сағат 9:00-де ұшып шығатын борт межелі пунктке Мәскеу уақыты бойынша сағат 9:05-те келеді. Ұшу 3 сағат 5 минутқа созылады.

Билеттер «ИрАэро» компаниясының ресми сайтында сатылуда. Қайтару және айырбастау мүмкіндігі бар стандартты билеттің құны – 12 756 рубль (шамамен 75 400 теңге).

2016 жылы «ИрАэро» әуетасымалдаушы Қарағандыдан Новосибирск қаласына тұрақты рейстерді орындаған болатын.

Сондай-ақ, Қарағандыдан Мәскеуге «Аэрофлот» компаниясының ұшағымен де ұшуға болады.


Фото: дереккөз
Загрузка...