Қарағандыда «Жастар әлемі» VІ облыстық фестивалі өтеді

21 Маусым 2019, 20:15
1702
Бөлісу:
Қарағандыда «Жастар әлемі» VІ облыстық фестивалі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда 22 маусымда Орталық мәдениет және демалыс саябағында VІ облыстық «Жастар әлемі» фестивалі өтеді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Шараға рок-топтар, рэп-орындаушылар және Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Шахтинск, Шет және Абай аудандарының көше билерінің шеберлері қатысады. Фестиваль қонағы Нұр-Сұлтан қаласынан Neon Winchester тобы болады.

Қойылым орталық саябақта сағат 12.00-де басталады. Бағдарлама күні бойы 23.00-ге дейін жалғасады. Фестиваль қатысушыларына шара соңында дипломдар беріледі.

Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының хабарлауынша, фестивальдің мақсаты – жастар мәдениетін дамыту және насихаттау, бос уақытты ұйымдастыру, талантты жастарды анықтау және кәсіби шеберлікті арттыру болып табылады.

«Жастар әлемі» облыстық фестивалі алтыншы рет өткізіліп отыр. Осы жазда ол Жастар жылына арналған.

Өзгелердің жаңалығы