Қарағандыда жас өлкетанушылар форумы өтті

15 Мамыр 2019, 10:25
3621
Бөлісу:
Қарағандыда жас өлкетанушылар форумы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда Жас натуралистер станциясының базасында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған "Табиғатты аяла" облыстық форумы өтті. Оған өңірден келген жас өлкетанушылар, экологтар мен натуралистер қатысты.

Қатысушылар өз зерттеулері мен жобаларын ұсынды. Қазылар алқасы "Туған өлкені зерттейміз", "Жасыл экономика", "Денсаулық және қоршаған орта", "Экоәлем", "Жасыл оазис", "Табиғаттың құтқару шеңбері" экологиялық квест номинациялары бойынша үздік жұмыстарды таңдады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қарағанды облысы білім басқармасының дипломдарымен марапатталды. Қалған қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. Үздік жұмыстардың авторлары биылғы жылы 11-13 маусымда Қарағандыда өтетін форумның республикалық кезеңінде облыс намысын қорғайтын болады.
 

Өзгелердің жаңалығы