Қарағандыда жаңа сүт-тауар фермалары салынуда

23 Мамыр 2020, 04:25
1209
Бөлісу:
Қарағандыда жаңа сүт-тауар фермалары салынуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шайдаров жұмыс сапарымен Абай ауданында болып қайтты. Ол көктемгі егіс жұмыстарының барысымен және сүт-тауар фермаларының құрылысымен танысты, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты.

Алаңдарда белсенді жұмыс жүргізілуде. Дәнді дақылдарға бөлінген алқаптардың 80%-дан астамы егілді. Картоп пен көкөніс отырғызудың жоспарланған көлемінің жартысынан асып түсті.

Биыл Абай ауданында егіс алқабы 6,3%-ға артып, 55 456 гектарды құрады.

Серік Шайдаров Южный кентіндегі және Көксу ауылдық округіндегі кәсіпорындарға барды. Мұнда жаңа сүт-тауар фермалары салынуда.  Шаруашылық басшылары сүтті мал шаруашылығын дамыту жоспарлары туралы айтып берді.

Южный кентінде 600 бас ірі қара малға арналған сиыр қорасы пайда болады. Жобаны Жүнісов ЖК жүзеге асырады.

"Шанс" шаруа қожалығы аудандағы ірі астық және картоп өндірушілердің бірі болып табылады. Оның алқабы 15 мың гектарды құрайды.

Биылғы жылы сортты жаңарту үшін біз 40 тонна "Боевчанка" және "Микамеро" бидайының элиталық тұқымын, 40 тонна "Эксплоер" және "Вакула" арпасының элиталық тұқымын және 8 тонна "Вакула" сортты арпаның бірегей тұқымын, 400 тонна "Гала" картоптың элиталық тұқымын сатып алдық, – деді ШҚ басшысы Игорь Жабяк.

"Шанс" шаруа қожалығы сонымен қатар сүт-тауар фермасының құрылысын жүргізуде.

"Астра-Агро LTD" ЖШС жоғары репродукциялы тұқымдық картоп өндірумен танымал. Кәсіпорын сондай-ақ бидай мен арпа өсіреді. Және сүтті мал шаруашылығымен айналысады. Мұнда 500 басқа арналған сиыр қорасы салынады. 

Өзгелердің жаңалығы