Қарағандыда жаңа оңалту орталығы ашылды

13 Желтоқсан 2019, 21:39
6862
Бөлісу:
Қарағандыда жаңа оңалту орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда "Луч" нейрооңалту орталығының жаңа филиалы ашылды. Бір мезгілде мұнда 40 адам ем қабылдай алады.

Дәрігерлер инсульт пен нейрохирургиялық оталардан өткен науқастарға білікті көмек көрсетеді. Орталықта ЕДШ, физио және механотерапия залдары жабдықталған, мүмкіндігі шектеулі пациенттер үшін ғимаратта арнайы көтергіш және лифт жұмыс істейді.
Орталықтың жалпы аумағы - 1500 шаршы метр. Онда екі ауысымда 80 сертификатталған мамандар жұмыс істейді. Сонымен қатар, мекеме базасында Қарағанды медициналық университетінің клиникалық базасы орналасқан. Мұнда студенттер мен ЖОО резиденттері тәжірибеден өтіп, білім алады.

05047420015762192961312201936_800x600.jpeg

Нейрооңалту орталығына учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша кіруге болады. Бұл қызмет түрі сақтандырылған азаматтар үшін тегін. Қарағанды облысында басқа өңірлерден да азаматтар оңалту көмегін алады, себебі бізде, біріншіден, осы қызметтерді көрсетудің деңгейі жоғары, екіншіден, басқа өңірлерде медициналық көмектің осындай түрінің тапшылығы бар. Қарағанды облысындағы оңалтудан өтуге қажеттілік іс жүзінде толықтай жабылды деуге болады. Жаңа филиалдың ашылуымен ауруханаға жатқызу уақыты үш айдан 30-40 күнге дейін қысқарды, - деді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.

Орталық жұмысымен өңір басшысы Жеңіс Қасымбек танысты. Облыс әкіміне құрал-жабдықтар көрсетіліп, жұмыс принциптері туралы айтылды. Әкім емделушілермен әңгімелесті. Оны бірінші кезекте науқастардың қызмет сапасына қатысты пікірі қызықтырды. Емделушілер өңір басшысына емделуден кейін барлық қажетті процедуралардан өтіп, жақсы нәтиже көріп жатқандарын мәлімдеді.

02414370015762192961312201936_800x600.jpeg

Бұл облыстағы алтыншы оңалту орталығы және Қарағандыдағы үшінші орталық. Осыған ұқсас мекемелер Балқаш, Жезқазған, Теміртауда жұмыс істейді. 2020 жылдың ақпан айында облыс орталығында заманауи балаларды оңалту орталығы ашылады. Теміртау қаласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы бойынша да осындай орталықтың құрылысы басталады.

Өзгелердің жаңалығы