Қарағандыдағы вольфрам өндірісінде жаңа жұмыс орындары ашылуда

9 Сәуір 2019, 12:43
2314
Бөлісу:
Қарағандыдағы вольфрам өндірісінде жаңа жұмыс орындары ашылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вольфрам өндірісі өңір тұрғындарына жаңа жұмыс орындарына орналасуға мүмкіндік береді. «Солтүстік Қатпар» ЖШС кәсіпорнында екі мыңға жуық жұмыс орындары ашылады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шет ауданында биылғы жылдан бастап Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты вольфрам кен орындарында тау-кен байыту кешендерінің құрылысы бойынша жобаны іске асыру басталады. Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, кәсіпорын 2019-2023 жылдар аралығында пайда болады. 

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Төлеу Мұхтардың айтуынша, мамандарға деген қажеттілікті ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар немесе жұмыспен қамту орталықтары кәсіпорындарда жұмыс істеуге ниет білдірушілерді оқытуға бағыттайды.

Солтүстік Катпарда және Жоғарғы Қайрақтыда кен шоғыры кеңес уақытында да өндірілген болатын. Кейінірек кен орны тоқтатылған. Жуырда жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарында кеніштің жаңа өмірі басталатынына үміттері қайта жанданып, олар жұмыспен қамтамасыз етілетіндеріне сенімдері пайда болды. 
Жоба жылына 12 мың тонна вольфрам кенін өндіруді көздейді. Өнеркәсіп басқармасының хабарлауынша, Солтүстік Катпардағы және Жоғарғы Қайрақты вольфрам кен орны - әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі. 



Өзгелердің жаңалығы