Қарағандыда вирус жұқтырғандар кеше қайтыс болған ер адамның туыстары

2 Сәуір 2020, 12:10
1097
Бөлісу:
Қарағандыда вирус жұқтырғандар кеше қайтыс болған ер адамның туыстары

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қарағандыда коронавирус жұқтырғандар саны тағы 6 адамға ұлғайды. Оның ішінде үшеуі – кеше қайтыс болған ер адамның отбасы мүшелері, екеуі карантиндік стационарда анықталғандар, деп хабарлады Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

Олардың барлығы инфекциялық боксқа, тағы бір адам үй карантиніне жатқызылған.
Эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде. Үй карантиніндегі азаматпен байланыста болған тұлғалар анықталуда. Қайтыс болған адаммен жалпы алғанда 200-ге жуық адам байланыста болған. Оның ішінде: 54 - провизорлық және карантиндік стационарларға (оның ішінде отбасы мүшелері), 150 адам – үй карантиніне жатқызылған, - деп хабарлады Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Облыс бойынша вирус жұқтырғандар саны - 21, оның ішінде 1 өлім жағдайы тіркелген.
Өзгелердің жаңалығы