Бас жаңалықтар
Қарағандыда суретші Петр Кишкистің көрмесі ашылады
07 Мамыр 2019, 15:31 749

Қарағандыда суретші Петр Кишкистің көрмесі ашылады

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында 8-19 мамыр аралығында суретші, ҚР суретшілер Одағының мүшесі Петр Кишкистің жеке көрмесі жұмыс істейді. Қала тұрғындары мен қонақтары танымал суретшінің ерекше туындыларын көруге мүмкіндіктері бар. 

Петр Кишкис 1953 жылы туған. Ол Ленинградтағы В.Мухин атындағы жоғары көркем-өндірістік училищесін тәмамдаған. Қыл қалам шебері кескіндеме, монумент өнерімен шұғылданады, метафоралық картиналар, әшекейлер жасайды. 

«8 мамыр күні сағат 16-00-де белгілі суретші Петр Кишкистің «Ақ фонда жұмыс істеу-2. Қарындаш» көрмесі ашылады. Бұл 2018 жылғы қарашада өткен «Қара фонда жұмыс-1» көрмесінің логикалық жалғасы болып табылады», - дейді мұражайдың ғылыми қызметкері Назерке Жартын.

Мұражай қызметкерінің айтуынша, екі көрме бір-бірін толықтыратын, кейде қарсыластықта ұсынылған екі бастаманы салыстыру идеясын біріктіреді. 

«Петр Кишкистің жұмысы ерекше және танымал, әрі таңқаларлық түрде метафоралық деуге болады. Суретші өз жұмыстарында архетиптік және бүгінгі күні өте маңызды өзекті көріністерді шебер кодтайды. Осы арқылы әр көрерменнің өзінше көре алатын өз ғарышына батырады. Сондықтан суретші көрмелік заттаңбалардан мүлдем бас тартып, әр адамның өзінің ойлауына шақырады. Көрме 19 мамырға дейін жалғасады. Барлықтарыңызды қыл қалам шеберінің туындыларын тамашалауға шақырамыз», - дейді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...