Қарағандыда үстел теннисі орталығы ашылады

2 Тамыз 2020, 14:13
1110
Бөлісу:
Қарағандыда үстел теннисі орталығы ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда  халықаралық талаптарға сай әлемдік дәрежедегі үстел теннисі орталығы ашылады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Былтырғы маусымда олар 16 халықаралық, 17 республикалық жарысқа қатысты. Нәтижесінде, барлығы 27 алтын, 26 күміс және 22 қола медаль жеңіп алды.

 Ересектер ұлттық құрама сапында Қарағандының 7 өкілі, жастар құрамында – 2, ал жасөспірімдер командасында 9 қарағандылық теннисші бар. 

Қазіргі таңда қарағандылық Зәуреш Ақашева республикалық рейтингте көш бастап тұр. Ал ең жас, 13 жастағы Алан Құрманғалиевті Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) әлемдік Hopes Week турниірнің үздік ойыншысы деп тапты.

 Қарағандыда ашылатын үстел теннисі орталығында жаттығу және ойын залы болады. Сондай-ақ, аталған орталықта әлемдік ITTF кезеңдерін өткізуге болады.

Өзгелердің жаңалығы