Қарағандыда #сенбілікСелфи байқауы ұйымдастырылды

6 Сәуір 2019, 17:51
2989
Бөлісу:
Қарағандыда #сенбілікСелфи байқауы ұйымдастырылды
PHOTO
Фото: автордан

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін кеншілер қаласында биылғы жылдың алғашқы сенбілігі болды. Тұрғындар қаланың тазалағына ат салысып ғана қоймай, Қазыбек би атындағы аудан әкімдігі ұйымдастырған байқауға қатыса алады.

6 сәуірде Қарағандыда жалпықалалық сенбілік өтті. Сенбілікке қаланың тазалығы мен жайлылығына немқұрайлы қарамайтын тұрғындар қатысты. Қаладағы мыңдаған мекемелер мен ұжымдардың, кәсіпорындар мен өндіріс нысандарының қызметкерлері де сенбілікке қатысып, қаланың таза болуына ат салысты. Сенбілікке орай Қазыбек би атындағы аудан әкімдігі өзгеше байқау жариялаған болатын.Селфи байқаудың басты мақсаты жасөспірімдер мен жастарды әлеуметтік маңызды шараға тарту, қаланың саябақтары мен аулаларын санитарлық тазалауға шақыру.

Қарағандыда #сенбілікСелфи байқауы ұйымдастырылды

«Конкурс шартына сай суреттерде сыпырғыш, тырма сияқты тазалау құралдарымен жасалу қажет. Суретке жұмыс киімімен түсу керек. Селфиді өзіңіздің инстаграм парақшаңызда жүктеп, #сенбілікСелфи, #селфиСубботника xэштегтерін жазыңыз, @kazybekbi_blagoustroistvo парақшасын белгілеуді ұмытпаңыз. Әр апта сайын @kazybekbi_blagoustroistvo парақшасында креативті және өзгеше суреттер жарияланатын болады. Конкурстың жеңімпазы суреттердегі «лүпіл» санымен анықталады. Жеңімпаздар алғыс xаттармен марапатталады», - дейді Қазыбек би атындағы аудан әкімдігінің аппараты.

Қарағандыда #сенбілікСелфи байқауы ұйымдастырылды

Сенбідегі сенбілікке қатысу, креативті ой мен өзгеше селфи. Байқауға қатысудың басты шарттары осы. Содан кейін суреттерді әлеуметтік желіге #сенбілікСелфи xэштегімен жүктесеңіз болғаны.

«Бүгін жалпы білім беретін #16 орта мектептің ұжымы сенбілікке қатыстық. Шамамен 60-70 адам сенбілікке қатысып, қаланың тазалығына үлесімізді қосуға тырыстық», - дейді № 16 мектептің псиxологы Лаура Карипбаева.

 


Өзгелердің жаңалығы