Қарағандыда Паркинсон дертін емдеу бойынша жаңа технология енгізілді

16 Тамыз 2019, 05:25
1916
Бөлісу:
Қарағандыда Паркинсон дертін емдеу бойынша жаңа технология енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда Паркинсон дертіне шалдыққан науқастарға медициналық көмектің жаңа мүмкіндіктері ұсынылуда, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жергілікті дәрігерлер командасы ресей мамандарымен бірелесе отырып, бас миын тереңнен ынталандыру технологиясын қолданды. Соңғы екі күнде 2 сәтті ота жасалды. 

«Әлемде алғаш рет осындай ота 32 жыл бұрын жасалған. Ол дегеніміз салыстырмалы түрде аз уақыт. Нейроынталандырғыш ойлап табылған соң оны тестілеуден өткізген. Қазіргі таңда бұл әдіс алтын стандарт болып табылады. Ғылыми тұрғыдан оның тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген», - дейді Қарағанды облыстық медициналық орталығының нейрохирургия және неврология орталығының жетекшісі Ғабит Махамбаев. 

Отадан соң Паркинсон дертіне шалдыққан науқастар қалыпты өміріне оралып, анағұрлым азырақ дәрі-дәрмек қабылдай бастайды. Нейрохиругтер бас миының құрылымына арнайы нейроынталандырғыштар орнатады. 

Ота аз тілікті. Асқыну пайызы шамамен 3% құрайды. Қарағандылық дәрігерлерге Новосібірден келген маман, Федералды нейрохирургия орталығының бөлім меңгерушісі Александр Дмитриев кеңес берді.

«Біз осындай оталарды 2013 жылдан бастап жасап келеміз. Жылына шамамен 36-38 ынталандырғыш құрылғы орнатамыз. Қарағандыдағы клиника өте жақсы жабдықталған және осы технология бойынша мамандардың кәсібилігі де жоғары», - деп атап өтті ол.

Осыған дейін қарағандылықтар мұндай медициналық көмекті елордада немесе шетелде ғана ала алатын. Енді ота Қарағандыда да қолжетімді. Сондай-ақ, ол тегін өткізіледі.

«Клиникамызда жасалатын ота медициналық сақтандыру қорының тарапынан төленеді. Ол үшін науқас МӘМС қатысушысы болуы тиіс және сәйкесінше санатқа жатуы керек», - деп түсіндірді Х.Ж. Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығының директоры Дәуір Құрманғалиев.

Паркинсон дерті – қирату әрекетіне ие күрделі дерт, оған шалдыққан адамдардың бас миындағы нейрондық жазушалары бұзылады. Көбінесе аурудың алғашқы нышандары шамамен 55-60 жаста пайда болады. Дерт үдемелі сипатқа ие. 

 

Өзгелердің жаңалығы