Бас жаңалықтар
Қарағандыда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды
25 Сәуiр 2019, 15:02 324

Қарағандыда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда Майқұдық шағын ауданындағы үйлердің бірінің жанындағы қоқыс жәшігінен жаңа туылған сәбидің мәйіті табылды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған.

Жаға ұстатарлық оқиға бүгін болған. Қоқыс жәшігінен өлі күйінде табылған ер баланың анасы іздестіріліп жатыр.

​«​Ағымдағы жылдың 25-ші сәуірінде Қарағанды қаласының Октябрь ауданы 12-ші ықшам аудандағы үйлердің бірінің маңындағы қоқыс жәшігінің мағынан денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер жынысты сәбидің мәйіті табылды. ​Аталған факті бойынша барлық ішкі істер органы қызметкерлеріне бағыттама берілді. Полиция қызметкерлерімен оның анасын табу бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде», - дейді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз xатшысы Бақытжан Құдияров.

Полиция департаментінің мәліметінше, жаңа туылған сәби мәйітінің табылуына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, анасының жеке тұлғасы анықталуда. ​Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жалғасуда.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық