Қарағандыда қоқыс контейнерінен нәресте табылды

4 Сәуір 2020, 01:14
1708
Бөлісу:
Қарағандыда қоқыс контейнерінен нәресте табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыдағы "Майқұдық" тұрғын үй кешенінің ауласындағы қоқыс контейнерінен бір айлық нәресте табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.


3 сәуірде жаңа туған нәресте Қарағанды қаласының Октябрь ауданындағы үй жанындағы қоқыс контейнерінен табылды. Қызды жедел жәрдем бригадасы тексеріп, медициналық мекемеге орналастырды. Ешқандай дене жарақаты жоқ, - деп мәлімдеген облыстық ПД баспасөз қызметі.
Мамандардың айтуынша, қоқыс контейнерінен табылған сәби шамамен бір айлық.

Тәртіп сақшылары аталған фактіні тіркеп, баланың анасын іздеу жұмысын бастаған.

Өзгелердің жаңалығы