Қарағандыда коттеджде тұратын отбасылар АӘК алғаны анықталды

23 Қазан 2019, 07:33
2458
Бөлісу:
Қарағандыда коттеджде тұратын отбасылар АӘК алғаны анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды қаласында коттеджде тұратын тұрмысы жақсы отбасылар атаулы әлеуметтік көмек алып келген, деп хабарлады 24.kz.

Олар  мемлекеттен ай сайын 106 мың теңгеге дейін алып отырған. Мамандардың айтуынша, бұл  жанұялар тұрғылықты және тіркелген мекен-жайларын, нақты табысын  жасырған. Қала бойынша осыған ұқсас түрлі әрекетке барған 316 отбасыға қазір атаулы әлеуметтік көмек беру тоқтатылды. Олардың қаржылай кірісі жоғары екені зейнетақы аударымдары және салық төлемдері арқылы анықталған. Комиссия мүшелері тексеру барысында бұл азаматтардың жеке зәулім үйлері, автокөлігі, тіпті жеке кәсібі бары мәлім болды. 

"Коттедж үйлері бар азаматтармен атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсырған уақыттан бері жұмыс жүргізіліп жатыр. Және де олардың көрсеткен табыс көздері біріншіден 42 мың 500 теңгеден болған. Тексере келе одан да көп болып шықты. 2 миллион, 4 миллион теңгеге дейін жететін сомаға шықты", - деді қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Нұржан Сыздықов.



 

Өзгелердің жаңалығы