Қарағандыда күрес түрлерінен жартылай финалистер анықталды

13 Қазан 2019, 16:19
1705
Бөлісу:
Қарағандыда күрес түрлерінен жартылай финалистер анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда өтіп жатқан конфедерация кубогының іріктеу кезеңінде күрес түрлерінен С тобының үздіктері белгілі болды Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Аталған додада еркін күрес бойынша Нұр-Сұлтан қаласы жартылай финалға шықса, грек-рим күресінен Шымкент командасы өз тобында жеңімаз атанды. 

Айта кетерлігі, С тобында Қарағанды облысы, Түркістан облысы мен Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларының командалары өзара бақ сынап жатыр. Конфедерация кубогының финалдық кезеңі 7-8 желтоқсан күндері Алматы қаласында Балуан Шолақ спорт сарайында өтеді деп жоспарланған.


Өзгелердің жаңалығы