Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болды

4 Ақпан 2019, 18:38
2541
Бөлісу:
Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болды

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қарағандының ортaлығындағы көпірде бірнеше көлік соқтығысып қалды. 


Жол апаты салдарынан 1 адам көз жұмып, тағы бір адам ауруxанаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалған. Жол апатына ұшараған көліктердің бірі полиция қызметкерлеріне тиесілі.

Бүгін қарағандылық автокөлік жүргізушілері қаладағы басты жолдардың бірінде болған кептеліс салдарынан бағыт алған жерлеріне уақытылы жете алмады. Себебі, Гоголь көшесінің бoйындағы көпірдің үстінде бірнеше көліктің соқтығысуымен жол апаты орын алған. Алдын ала бoлжам бойынша, жол апатына жолдың қарсы бетіне шығып кеткен «Ауди» автокөлігінің жүргiзушісі кінәлі. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жол ережесін бұзған жүргізушi ауруxанаға жетпей қазa болған.

«Гоголь көшесіндегі жол торабында «Кондитерлік фабрикаға» қарай бағыт алған «Ауди» көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып, «Мерседес-Бенц» автокөлігімен жанай соқтығысып, содан кейін соққы салдарынан қарсы бағытта келе жатқан «УАЗ» қызметтік көлігіне соқтығысқан. Жол көлік оқиғасының салдарынан «Ауди» автомашинасының жүргізушісі ауруханаға барар жолда қаза болып, «УАЗ» автокөлігінің жүргiзушісі әртүрлі дене жарақаттарымeн ауруханағa жатқызылды», - дейді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз xатшысы Бақытжан Құдияров.

Оның айтуынша, 4 ақпан күні Қарағанды қаласының Гоголь көшесінің бойында болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Қазақстaн Республикaсы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы, 3-тармағына сай сотқa дейінгі тергеу бaсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалған, тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Жібек Мұқашева
Өзгелердің жаңалығы